Абай облысына алдағы 5 жылда 1,9 трлн теңге инвестиция тартылады
Тау-кен бағытындағы 8, Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша 13 жоба іске асырылады. Туризмді дамыту үшін ойын-сауық орталығы мен қонақ үйлер бой көтереді. Туризм бойынша 6 нысан. Сондай-ақ теміржол салу, құрғақ порт пен логистикалық парк құру жалпы инфрақұрылымдық 9 жоба жүзеге асыралады. Білім беру саласы да ескеріліпті. Саманнан салынған ғимараттар жойылып, 6 шағын мектеп салынады.
Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:
-Денсаулық сақтау саласы бойынша 2028 жылға дейін 7 медициналық нысанның құрылысы жоспарланып отыр. Мәдениет және спорт саласында 8 мәдениет нысанын, 1 жүзу бассейнін және 5 спорт модулінің құрылысын салу Кешенді жоспарға еніп отыр.
Үкімет отырысында сондай-ақ су тасқынының алдын-алу, тосын жағдайларға дайындық шаралары қаралды. Құтқарушылардың бағалауынша 255 елді мекенді су басу қауіпі бар. Оларда 700 мыңға жуық халық тұрады. Оған қоса 482 автомобиль және 600 астам теміржол учаскесіне су жайылуы мүмкін. Ауа райы күрт жылынып кетсе, су басу қаупі тіпті күшейе түседі. Ал өңірлер апаттың алдын алуға әлі күнге толық дайын емес. Қажетті шаралар ұзақ уақыт бойы қабылданбай келеді.
Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
-Қазірдің өзінде Ақтөбе және Алматы облыстарындағы елді мекендердің көшелерін су басып жатқаны туралы фактілер бар. Құтқарушылар ол бойынша тиісті шараларды атқарды. Ал былтыр су басқанына қарамастан, Ақмола, Батыс Базақстан облыстарында өзен арнасын тазалау жұмысы толық атқарылмаған. Мұндай мәселе Астана, Алматы, Атырау облысында да кездеседі.