Талдықорғанда 40 шақты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр
Соның арқасында 275 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлайды. Қала бойынша 15 мыңдай адам пәтер кезегінде тұр. Сондай-ақ тозығы жеткен 15 үйдің төртеуінің тұрғындарына жергілікті билік өткен жылы реновация бағдарламасымен пәтер алып берді. Осылайша 32 отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Ал биыл қалған 11 осындай ескі үйдің тұрғындары, яғни, 82 отбасы баспаналы болады. Бұл мақсатқа жергілікті Қазынадан 1,2 млрд теңге бөлінбек.
Оразхан Етекбаева, қала тұрғыны:
-Біздің ең басты қорқынышымыз ана төбеміз түсіп келе жатты үстіңгі этаждағы. Сол ана кісілер жүрсе свет өшіп қалады. Сондай қорқынышта болдық. Үш бөлмелі үй алдық. Қазір үйіміз жарқырап тұр, міне, жақсы. рақмет!
Әсет Масабаев, қала әкімі:
-Одан бөлек 25 мың шаршы метр бизнес тарапынан салынатын болады. Бізде биыл жоспарлап отырған тұрғын үй құрылысы 140-160 мың шаршы метр. Енді бұл жерде жаңағы 100 мың шаршы метрден асатын біз өзіміздің міндетімізді толық орындап шығамыз.