«АрселорМиттал Теміртау» кеншілері енді әмбебап шамдарды қолданады
Құрылғыны қазірдің өзінде көмір департаментінің 800-ден астам қызметкері пайдалануда. Компания осы шешім арқылы кәсіпорындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға ниетті.
Заманауи технология өндірістегі қауіпсіздік мәселелерінде үлкен рөл атқарады. Осыны ескерген компания кеншілер үшін қазір тренд саналатын құрылғаларды қолданысқа енгізуде. Әмбебап шам — солардың бірі.
Виктор Гафиулов, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Тау-Кен Департаментінің атқарушы директоры:
–Көмір басқармасының кеншілері басқа тағуға арналған жаңа шамдарды толықтай алды. Осы құралдар біздің көмір кеніштеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын 2021 жылы сынақтан өткізу үшін шамның 15 данасын алған. Тиімділігіне көз жеткізген соң олардың саны 800-ге дейін арттырыпты. Енді өндіріс аумағында көшпелі бейнебақылау жүйесін пайдалануды жоспарлауда.
Игорь Федосеев, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басқарма директоры:
-Бұл көліктегі бейнетіркегіш сияқты. Өндірісте түрлі жағдайлар орын алады. Оның ішінде түсініксіздері де бар. Міне сол кезде жазбаны қарай отырып бәрін нақтылауға және дұрыс шешім қабылдауға болады.
Толық қуатталған шам үш ауысымға дейін қолдануға жарайды. Ал оның жадына сақталған жазбаны еңбекті қорғау мамандары тексеріп отырады.
Роман Жилкин, шахта механигі:
-Шамның ішінде флэшка бар. Жұмыстан кейін оны құрылғыға қосқан кезде ішіндегі жазба компьютерге жіберіледі.
Шамның тағы бір артықшылығы оған метан сенсоры орнатылған. Бұл да кеншілер үшін аса маңызды дүние. Компания сондай-ақ деректерді талдау үшін жасанды интеллектіні қолдануды жоспарлауда.
Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы