Қызылорда облысында су тасқынына қарсы шаралар пысықталды
Сырдария өзенінің аумағы тікұшақпен әуеден бағамдалып, мол суды облыс аумағынан қауіпсіз өткізуге қатысты дайындық жұмыстары талқыланды. Бүгінде облыс аумағына жоғарыдан секундына 645 текше метр су келіп жатыр. Айта кетейік, өңірде 1 млрд текше метр суды жинақтауға болатын 3 су қоймасын қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр. Ол үшін 3 млрд теңгеге жуық қаржы қажет. «Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда, қыс мезгілінде өтетін мол судың бір бөлігін жинақтап, егін маусымы кезінде пайдалануға мүмкіндік туады», – дейді мамандар.
Серік Қожаниязов, облыс әкімінің орынбасары:
- Жағдай қалыпты. Біз келіп жатқан мол суды қай ауданның қай участігіне, қай уақытта келеді соның графигін жасап, дайындық жұмыстарын жасап жатырмыз. Штаб құрылған. Мамандар бар, инертті материал, техника бәрі дайын.