Павлодар облысында киік саны 20 мыңға жуықтаған
Олар Баянауыл, Май аудандарында кездеседі. Соңғы жылдары Алқамерген мен Қарадыр сорды мекендейтін болған. Бұл жердің шөбі шүйгін. Қыста қар аз түседі. Ақбөкендердің өсіп-өнуіне қолайлы орта. Соңғы жылдары киікті қорғауға байланысты заң да, күзет те күшейтілген. Облыста 2016 жылдан бері киіктерді күзетумен айналысатын көшпелі тірек пункті жұмыс істейді. Көктемге қарай жануарлардың иммунитеті төмендеп, әлжуаз күйге түседі. Осы кезеңде күзет те күшейеді.
Руслан Төлепбаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
- Бұл іс-шараның мақсаты мына қызыл кітапқа енген, сонымен қатар жоғалып кету қаупі төніп тұрған жануарларды қорғауды күшейту. Солардың мекендейтін жерінде рейдтер жүргізіп, осыларға қауіп төндіретін факторлардың бар-жоғын анықтау.