Хабар телеарнасы

Елімізде қант шығарушы 4 зауытқа 25 миллиард тенге бөлінеді

«Бұл қолдау елімізде қант тапшылығын болдырмау үшін жасалып отыр», — дейді жауаптылар. Қолға алынған шара қаншалықты нәтижелі болмақ?  

Былтыр тұрғындар тәтті түйіршік үшін дүкенге лап қойып таласқа барған болатын. Шекерге сұраныс әлі де жоғары.

Айжан Наурызғалиева, Қазақстан қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің басшысы:
-Зауыт жұмыс істей бастайтын маусымда оған мазут қажет болады. Ал дәл осы уақытта мазуттың бағасы қымбаттайды да, кәсіпорын тиісті межені орындай алмай қалады. Бізден қант сұрайды, алайда оны өңдеуге қажетті ресурстармен қамтамасыз етпейді.

Үкімет осы жылы 33 тармақтан тұратын қант саласын дамыту жөніндегі жол картасын бекітті. Соған сәйкес өнім тапшылығына жол берілмейтінін айтады.

Қанат Жауымбаев, Азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы департаментінің директоры:
-Жол картасы аясында қант зауыттарына айналым схемасысы арқылы қаржыландыру шаралары қарастырылған. Облыс әкімдерімен қант зауыттарын қаржыландыруға 25 млрд тенге бөлмек.

Қазақстандықтар жылына 550 мың тонна қант тұтынады. Оның 36 мыңға жуығы өзімізде өндірілсе, 500 мыңға тартасын шел елдерден импорттап отырмыз. 2026 жылға дейін шет елден алынатын қант 41% төмендесе, өзімізде өндірілетіні 33% артуы жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, 2023 жылы қант қызылшасын егу аймағын 6 гектарға, 2024 жылы 25 мың гектарға дейін ұлғайтылады. Қант зауыттарын субсидиялау 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін көтеріледі. Сонда өндірушілер өнімінің бір тоннасын 40 мың теңгеге сататын болады. Бұдан бөлек, Сауда министрлігі мен жекелеген зауыттар арасындағы меморандумға сәйкес қант бағасы енді 460 тенгеден аспауы тиіс.

Авторлары: Нұрлан Әбдікәрім, Нұрбол Серікбай, Таир Мерекенов