Бірнеше өңірде ауылдық округ әкімдері сайланды
Тұрғындар тікелей дауыс беру арқылы лайықты деп таныған үміткерге ауыл тізгігін тағы төрт жылға ұстатты. Мәселен, Жетісу облысында 37 кандидаттың ішінен 10 азамат көпшіліктің қолдауына ие болды. Сонымен қатар Қостанай облысындағы Қарабалық, Әулиекөл, Алтынсарин және Фёдоров аудандарындағы ауылдық округте сайлау өтті. Кандидаттар сайлауалды бағдарламасында ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсарту, көшелерді абаттандыру, жұмыссыздықты жою сынды мәселелерді шешетінін атап көрсеткен.