3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш қабылдау басталады
Борышкер, мемлекеттен атаулы көмек алып келсе де, 6 ай күтпей, өзін соттан тыс банкрот жариялай алады. Тек қарызы 5,5 миллион теңгеден аспауы керек. Борышты өтеудің екінші түрі — сот банкроттығы. Бұл рәсіммен мемлекеттік кірістер органдары мен аудандық басқармалар айналысады. Үшінші түрі тұрақты табысын көрсеткен азамат, сот арқылы қарызын 5 жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік алады. Өтініштерді онлайн «E-salyq Azamat», «E-gov», Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберуге болады. Шешім екі апта ішінде қабылданады. Борышкерге жауап 1414 нөмірінен хабарлама арқылы жіберілмек. «Жаңа заңнаманың аяқталу мерзімі жоқ. Дегенмен бұл соңғы шешім болуы керек», — дейді вице-министр.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:
-Жаңа жылдан бастап 15 мыңдай азаматтың өтініштері келді. Бұл болашақта арыз беретін адамдар деп ойлаймыз. Борышкерлердің 1/5-і Алматы қаласында шоғырланған. Алматы облысы, Астана қаласы, Түркістан облысы, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары болып келеді. Банкроттықтың бастапқы салдары бар. 5 жыл ішінде кредит алмайды. 3 жыл бойына қаржылық мониторинг жұмыстары жүргізіледі.