Абай облысының Ақсуат ауданынан 3 мектеп салу жоспарланып отыр
Екі білім ордасы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақсуат және Екпін ауылдарында бой көтереді. Ал аудан орталығы Ақсуатқа 300 орындық мектеп керек. Екпін елді мекеніндегі білім ошағы әбден ескірген, апатты жағдайда тұр. Спорт залдың төбесінен су аққандықтан, комиссия шешімімен жабылған. Мектеп басшылығының айтуынша, 161 терезе мен 107 есікті ауыстыру қажет.
Амангелді Қыдырмолдин, Ақсуат аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
- Ақсуат ауылында 277 оқушыға орын тапшы. Жаңа мектеп салынса бұл мәселе шешімін табады. 2024 жылы Екпін ауылындағы Ысқақ Кәбеков атындағы мектептің орнына 300 орындық мектеп салу жоспарлануда. Өйткені бұл мектеп апатты деп танылған.