Теміртауда көпқабатты үйдегі газ баллоны жарылысынан 7 адам зардап шекті
Жарылыс кезінде үйде болған 2 ересек адамның денесін күйік шалса, 5 бала түтінге уланған. Олар бірден Теміртаудағы орталық ауруханаға жеткізілді. Қазір ересек екі адам мен 3 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Ал екі баланың денсаулығы қалыпты. Қатты толқыннан пәтердегі бөлме-аралық қабырға қирап, өрт 6 шаршы метр аумақты шарпыды.
Нұрмұхамед Інтуев, Теміртау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:
-Жарылыс салдарынан пәтераралық қабырға, терезе мен балконның терезе жақтаулары, пәтердің алдыңғы есігі және кіреберіс терезе блоктары зақымдалған. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдардың комиссиясы, төтенше жағдай департаментінің жедел тобы жәнее Теміртау қалалсының полиция қызметкерлері жұмыс атқаруда.