Хабар телеарнасы

Шымкенттіктер наурыз тойын тойлау үшін арнайы этноауыл салып жатыр

Мереке қарсаңындағы ауқымды құрылысқа жүздеген маман жұмылдырылды. Ұлттық нақыштағы ауылдың жалпы аумағы 25 гектар. Алтыбақан тұрғызылып, 170 киіз үй тігіледі. Әрі ипподромы бар. Еліміздің әр аймағынан спортшылар мен білекті балуандар шақыртылды. Сондай-ақ ұлттық ас түрлерін дайындаушылар арасында сайыс өткізіліп, қазақы киім үлгісі насихатталады. Үш күнге жоспарланған шарада 2500 литр көже дайындалады. Шара өнерпаздардың гала концертіне ұласады. Жалпы мерекелік жиынға мың жарымнан астам адам қатысады деген жоспар бар.

Жан Мұқанов, ұйымдастырушы:
- Ұлттық ойынның ішінде 11 аталым бар. Ұлттық киім, ұлттық өнер, ұлттық тағамның ішінде 7 номинациядан. Негізі барлығы 46 номинация. Осы жобаның басты мақсаты қазақтың дәстүрлерін, ойындарын бір үлкен деңгейде көрсету мақсаты.