Хабар телеарнасы

Қостанай облысының Шеген, Түйемойнақ ауылдары арасындағы жолды қар суы шайып кетті

Қос елді мекенде 400-ге жуық адам тұрады. Қазір төнген қауіп сейілді. Үйлерге су кірмеген. Жергілікті әкімдік пен құтқарушылардың күшімен жиналған су толық айдалды. Жол арқылы тек жүк көліктерінің қатынауына рұқсат берілген. Жалпы облыста 90 елді мекен қауіпті аймаққа кіреді. Наурыз айының соңы мен сәуір айының басында қауіп күшейеді деген болжам жасалып отыр. Торғай ауылында арнайы мобильді топ жасақталған. Оның құрамында 18 құтқарушы мен бес техника бар. 

Азамат Орымбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
-Елді мекендерге қауіп жоқ. 90% қар елді мекендерден кетті. Қазіргі уақытта Шұбалаң-Қарасу деген жергілікті жолда судың өтуі бар. Ол 13-і күні болған. Сол күні ол судың өтуін тоқтатқан болатынбыз. Бүгін таңертең кішкене көтеріліп, су ағып жатыр. Күндіз жергілікті әкімдікпен бірігіп жұмыстар өткізіледі. Кешкісін судың ағысын тоқтатамыз деген жоспар бар.