«Жусан» операциясы арқылы елге оралғандарды бейімдеу жобасы жақсы нәтиже беріп келеді
Бұл ЮНИСЕФ сарапшыларының пікірі. Жобаның көмегімен әр азаматтың құқығы қорғалып, құжаттары реттеледі. Психологиялық көмек көрсетіліп, үлкендері жұмысқа, балалары білімге тартылады. Мамандардың айтуынша елге оралған 522 баланың жартысы білімін жақсартқан. Сондай-ақ олар, өз тарихын танып, қоғамнан орнын тапқан. Айта кетейік, бүгінде мұндай оқушылармен жұмыс істеу үшін ұлттық орталықтарда арнайы мамандар даярланып жатыр.
Алмат Нұрадинов, Ұлттық орталық сарапшысы:
-Жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс істеу керек. Теріс жолға түсіп кеткен олармен жұмыс жүргізіп қайсысы дұрыс қайсысы дұрыс емес осыны түсіндіру біздің негізгі міндетіміз. Отбасында болсын, мемлекеттік мекеме болсын, мектепте болсын осындай жұмыстар өте қарқынды жүріп жатыр.