«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 16,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды
Техникалық реттеу және метрология департаментінің мамандары кәсіпорында тексеріс жүргізіп, кеншілердің ескі қондырғылармен жұмыс істеп келгенін анықтаған. Бір ғана өлшеуіш құрылғылардың 90-ға жуығының сақталу мерзімі әлдеқашан өтіп кетіпті. Ол аздай, көпшілігі мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейді. Ал бұл еңбек қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін фактор.