Биыл 185 мектептің құрылысы басталады
185 жайлы мектеп бойынша конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталды. 774 мердігер компания қатысуға ниет білдірген. Жоба бойынша, Түркістан облысында 28 жайлы мектептің құрылысы басталды. Мектептердің саны бойынша тізімді Алматы облысы, Астана және Алматы қалалары жалғайды. Ал Солтүстік Қазақстан мен Ұлытау облыстарында 1 ғана мектептен салынбақ. 45 адамнан тұратын комиссия құрамында Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Оқу-ағарту министрлігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен жергілікті атқарушы органдарының өкілдері бар. Білім ошақтарының құрылысы 2024-жылы толық аяқталуы керек. Жақында Үкіметтің қаулысына өзгерістер еніп, тағы да 32 жайлы мектеп құрылысына конкурс жарияланады.