Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген қызғалдақтың жаңа алқабы пайда болды
Темірлан ауылының маңындағы бұрын бидай егілген жердің орнына кенеттен сирек кездесетін Грейг қызғалдағы өсіп шыққан. Бұл жер қазірдің өзінде жергілікті тұрғындардың сүйікті орнына айналды. Көздің жауын алатын қызыл кілемді тамашалауға туристер де жиі келеді. Алайда гүлді жұлуға тыйым салынған. Мұндай әсем алқап Түлкібастағы Шұбайқызыл шоқысында, Төле би, Қазығұрт аудандары мен Кентау қаласында да жайқалып тұр.
Мили Шаир, турист, БАӘ:
- Бұл өте әдемі және таңғажайып құбылыс. Мен бұған дейін тек сәндік қызғалдақтарды ғана көргем. Бүгін жазық далада жайқалып тұрған әсем пейзажды көріп таңданып қалдым.
Нұрдәулет Оразымбетов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:
- Қызыл кітапқа енген өсімдіктер яғни мынау Грейг қызғалдағын жұлған, жойған жағдайда 3000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруға және 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға әкеп соғады.