Хабар телеарнасы

Жамбыл облысында 538 бизнеске заңсыз тексеру жүргізілген

Мемлекеттік кірістер органдары 475 кәсіп иесіне заңсыз салық бұйрықтарын шығарса, 67 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сорақысы салық қызметкерлері 167 жеке кәсіпкерге халық атынан шағымданып, кейін өздері тексеруге барған. Қызмет бабын асыра пайдаланған қызметкерлер, салықтан босатылған мүгедек бизнесмендерге де бұйрық шығарған. Тіпті өмірден өткен кәсіпкерге хаттама толтырған. Бүгінде барлық бұйрықтың күші жойылды.

Нариман Төребеков, облыстық Прокуратура басқармасының аға прокуроры:
-Прокурорлардың қадағалау актілері бойынша 30-дан аса мемлекеттік қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 20-дан аса салық органдарының қызметкерлері. Олардың алтауы басшылық құрамдағы қызметкерлер.