Елімізде жүктілік пен вирусты анықтайтын тест түрлері өндірілуі мүмкін
Жоба авторлары бұл саланы 3 жыл зерттеп, соңғы қадам клиникалық жобалаудан өткен. Енді Денсаулық сақтау министрлігі бекітсе, білек сыбана кірісуге дайын отыр. «Бұл жобаны жасауға 3 млн доллар қажет», - дейді ғалым. Оның бір бөлігін қаржыландыратын компаниялармен де келісіп үлгерген. Шығын 5 жылда ақталып, Орта Азияның нарығына шығуға мүмкіндік алмақ. Одан бөлек жаңа вирустармен күресуге қауқарлы жаңа антибиотиктер жасау керектігін ұсынды. Еліміз дәрі-дәрмектерді сатып алушы мемлекет болғандықтан бұл салаға басымдық беру керектігі айтылды. Ал бүгінгі шараға келген жас ғалымдар көкейтесті сұрақтарына жауап алды.
Болат Сұлтанқұлов, ғалым:
- Ең маңыздысы өзіміздің биотехнолгиялық өнімдерді шығару керекпіз. Қазақстанға пайда беретін. Қазір биотехнология ғылымын жасау үшін көп қаржы қажет емес. Қазір көптеген технологиялар арзан. Жасыл энергетикаға өту керекпіз. Бензин, мұнай қолданамыз. Оның барлығы ең таза технология емес. Бензиннің орнына басқа биологиялық энергия ресурстарын жасай аламыз.