«Самұрық-Қазына» табысын халықпен бөліседі
«Самұрық-Қазына» жыл сайын табысының 7% «Қазақстан халқына» қорына аударып отырады. Қаражатты бөлу тәртібін реттейтін ережелер Үкімет қаулысымен бекітілді. Қорға жіберілген қаржы белгіленген мақсатқа бағытталуы тиіс. Бүгінде қор алты бағыт бойынша 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады. Медицина, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде қолғабыс көрсету салаларына көмектеседі. Айта кетсек, бұл бастаманы Мемлекет басшысы Жолдауында қадап айтқан болатын.