Атырау облысында жол апаты жиілеген
Биыл жыл басынан бері күре жолдарда 20 жол көлік оқиғасы тіркеліпті. 14 адам жол апатынан көз жұмса, 34 азамат түрлі жарақат алған. Мұндай қайғылы оқиғалар көлік жүргізушілерінің салғырттығы мен жол ережесін сақтамауынан болып отыр. Енді тәртіп сақшылары ережені елемегендерді дрон арқылы әуеден бақылауға көшкен. Қазірдің өзінде 300-ден астам заңбұзушылық анықталыпты.
Алмас Закариев, облыстық ПД патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары:
-Осы дрон әуе камерасын патрулдік полиция ротасының қызметкерлері өздері меңгеріп, әкімшілік құқықбұзушылықтарда өздері анықтап жатыр. Тас жолдарда орын алатын жол көлік оқиғаларының көбі жүргізушілердің басып озу ережесін сақтамауында.