Хабар телеарнасы

Елде таза технологияларды дамыту бағдарламасы басталды

Сіздің тың идеяңыз болса оны тек Қазақстан емес жаҺандық нарыққа шығаруға көмектесетін конкурс басталды. Оны үйлестіруші компания жыл сайын 40-қа жуық жұмысты іріктеп алуға ниетті. Кейін оның авторларын оқытып жобаны жан-жақты жетілдіру көзделген. Мамандар: «Жобаны коммерцияландыру яғни бизнес ашуға да қолдау көресетіледі»,- дейді. Халықаралық ұйымдар Қазақстанға сол үшін арнайы грант бөліпті. Сәйкесінше барлық шығынды ұйымдастырушы компания өз мойнына алады. Бастысы үміткерлер талапқа сай болуы қажет.

Индира Жұмагелді, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының өкілі:
- Іріктеу 7 кезеңнен тұрады. Оның ішінде қалдықтар, су ресурстары, энрегия үнемдеу, климаттың өзгеруі сынды. Әр жыл сайын біз осындай конкурстар ұйымдастырамыз. Іріктеліп өткен 30-40 жоба оқудан өтіп өздерінің әзірлеген жобаларын шетел нарықтарына шығара алады.