Мемлекеттік органдармен дау кезінде азаматтардың жеңіске жетуі жиіледі
Оған әкімшілік іс жүргізу кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер себеп. Биылдың өзінде Астана қаласы бойынша 954 іс тіркелген. Оның 126-сы салық даулары. Одан бөлек, мемлекеттік сатып алу және жер даулары қозғалған. Ал соттың 60% азаматтардың пайдасына шешілген.
Оралхан Тұрсынов, Астана қаласы сотының судьясы:
- Мемлекеттік органдар мен жеке тұлға, заңды тұлғамен соттасқан кезде, мемлекеттік органдардың артында 30,40,50-ге жуық мемлекеттік қызметкерлер тұрады. Жеке тұлға өзі бір адам, екі адам болуы мүмкін. Оның қорғаушысы жоқ болуы мүмкін. Заң жағынан сауаттылығы болмауы мүмкін. Көбінде жеңіліп жатады. Ол бұл заң болмай тұрып.