Алматылық фотографтың түсірген суреттері көпті сүйсінтті
Дмитрий Доценко өзінің жұмысын әлеуметтік желіде жиі жариялап тұрады. Әсіресе оның түсірген «Сушылқара» торғайдың өзенде сүңгіп жүрген видеосы талайды тамсандырып отыр. Бұл құс тау өзендері мен бұлақтардың маңын мекендейді. Жемін су түбінен табады. Сондықтан оны су торғайы деп те атайды. Судың түбінде 1 минутқа дейін жүзіп, қорегін тауып шығады. Фотограф осы сурет үшін жағалауда екі күн бойы жүріп, құстың ұшып-қонғанын, судан азық іздегенін бақылаған. Фотосуретші осындай жұмыстары арқылы жұртшылықты табиғатты аялап, аң мен құсты қорғауға шақырады.
Дмитрий Доценко, кәсіби фотограф:
- Бұрын бұл құсты бұл маңнан кездестірмеген едім. Көбіне су торғайы тау өзендерін мекендейді. Маған таныстарым Есентай өзенінің жағалауына келіпті деп айтты. Жақсы кадр түсірем деп 2 күн жүрдім. Әрбір қимылын қалт жібермедім. Тіпті бейнетүсірілім де жасап алдым.