Ақтөбелік волонтерлер жетім балаларға пәтер сыйлады
Үш бөлмелі баспанаға қаражатты қайырымды жандар жинап берген. Қасиетті Рамазан айы қарсаңында еріктілер әлеуметтік желілерде үндеу тастаған болатын. Нәтижесінде санаулы күн ішінде 20 млн теңге жиналған. Үй ішін жөндеп, қажетті жиһаз бен тұрмыстық бұйымдарды сатып алуға депутаттар қол ұшын берген. Айта кету керек, қайырымдылық шарасын ұйымдастырған бірлестік 2019 жылы құрылған. Қазір 40-жуық мүшесі бар. Осы уақыт аралығында кең пейілді жандар он отбасына пәтер сыйлады.
Нұрбек Жалғасбаев, волонтёр:
- Мінекей, үлкен арманымыз орындалды қанша күннен бергі. Бұл халықты, елдік көмегімен атсалысып отыр. Үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді қашанда біздің бастамамызды қолдап жүрген халыққа. Соның ішінде тек қана ақтөбеліктер ғана емес, бүкіл жалпы Қазақстан деңгейінде басқа да қалалардан үлкен, қомақты қаржы аударған азаматтарымыз болды. Үлкен алғысымызды білдіреміз.