Хабар телеарнасы

СҚО-да тас жолды су басты

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені арнасынан асты. Республикалық маңызы бар «Челябі - Новосібір» бағытындағы тас жолдың бір бөлігін су басты. Аталған учаскеге мобильді бекет қойылып, көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұған қоса, Заречный кентіндегі 20-дан астам саяжай аумағына да су жайылған. Қазгидромет мамандарының айтуынша, Ақмола облысында да қауіп бар, алдағы күндері тасқынның екінші толқыны болуы ықтимал.

Назымбек Елемесов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:
-Альтернативті жол бар, Заречный кентінің ішімен, гидроузел жағымен. Тұрғын үйлерге еш қауіп төніп тұрған жоқ. Саяжай учаскелері 20-дан 30-ға дейін қазір су басты. Обволование жасалды. Қаптар, инертті материалдар бәрі дайын. Кезекшілік ұйымдастырылған. Полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы қызметте.