Қостанай облысында дәрігерлер тапшылығын жою оң шешімін тапты
Жас дәрігерлерге берілетін үстемақы 1 жарым миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейін өсті. Бұған қоса баспанамен қамтылады. Шарт бойынша орналасқан жерінде кемінде 7 жыл жұмыс істеуі керек. Қазір облыста 800-ге жуық медицина маманы жетіспейді.
Балқаш көлінің жағалауында көп кешікпей балалардың ойын алаңдары, велосипед жолы, субұрқақ пайда болады. Сондай-ақ халық серуендейтін аллеяны гүлмен көмкеріп, ағаш отырғызу жоспарда. Жағалауды абаттандыруға қазынадан 4,2 миллиард теңге қаржы бөлінген. Соңғы үш жылда көкше көлге келетіндер саны 3 есеге артқан. Жаздың әр айында мұнда шамамен 23 мыңға жуық турист демалады.
Саятшылық өнері сақ заманынан басталуы мүмкін. Олар құс салып, аң аулауды шебер меңгерген. Абай облысының Аягөз ауданы аумағындағы Бозай қорымын зерттеген ғалымдар біздің заманымызға дейін 8-9 ғасырда өмір сүрген сақ ақсүйегінің қорғанын тапқан. Зерттеушілерді таңғалдырғаны, қыран құстың адаммен бірге жерленгені. Белгілі археолог Ғани Омаров 3 мыңға жуық құнды жәдігердің түпнұсқасын Семейдегі тарихи-өлкетану музейінің қорына тапсырды.