Хабар телеарнасы

Қызылордада газ құрылғысы жарылды

Қызылорда қаласында жеке сектордағы газ жарылысынан зардап шеккен Өзбекстан азаматы ауруханада жатыр. «Денесінің біраз бөлігін күйік шалған, жағдайы қалыпты», — деді дәрігерлер.Кеше түстен кейін болған жарылыс көрші үйдегі бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Сол сәтте құрылысшы, үйге жапсарлас шағын бөлмені қалап жатқан. Одан басқа адам болмаған. Екі нысан да көгілдір отын желісіне қосылған екен. Жарылыстан соң өрт шығып, үй қабырғалары қираған. Мамандар тексеріп жүргізіп жатыр.