Хабар телеарнасы

Жезқазғанда ондаған көше атауы ауыстырылады

Қалалық Ономастикалық кеңес мүшелері қоғам белсенділерінен келіп түскен өтініштерді саралап жатыр. Әзірге 27 көшенің атын өзгерту туралы шешім қабылданған. Ескірген көше атауларын тарихи жер-су аттарымен өзгерту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Құжат қалалық мәслихат қарауына жіберілді. 

Гүлзада Шомаева, қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
-Идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын, мән-мағынасы жоқ көшелердің атауы өзгертілетін болады. Көше атауын ауыстырғанда қала тұрғындарының есебінен ешқандай қаражат жұмсалмайды. Қазіргі таңда құжаттарды электрондық түрде ауыстыруға болады. Қаражат тек қана жергілікті бюджет есебінен ауыстырылатын көшелердің аншлагтары мен пилондарына ғана жұмсалатын болады.