Астанада қазақ тілді медианы дамытудың жаңа трендтері талқыланды
Қазақстан нарығында жұмыс жасайтын әрбір әлемдік компания өз интерфейсін қазақшалауы керек. Мұндай талапты осы кезге дейін TikTok орындады. Өзгелер де біртіндеп соған көшеді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Қазақ форумда» Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты. 6-шы рет өткізіліп жатқан жиынның осы жолғы тақырыбы қазақ тілді медианы дамытудың жаңа трендтерін талқылауға арналыпты. Оған журналистер, блогер, SММ мамандары мен бейне-контент жасаушылар, сарапшылар қатысты.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
-Газеттердегі қазақ тілді контент — 83%. Сол сияқты телеарналарда — 77%. Жалпы алғанда 85% жақындап отыр. Бұл тағы да артады. Біз тек қана мемлекеттік басылымдар, мемлекеттік арналар емес, енді жекеменшік арналардағы қазақ тілді контенттің санының, сапасының артуын қадағалайтын боламыз.