Каспий жағасындағы қалаға шетелдік туристер жарна төлеуге міндеттеледі
Ақтау қалалық мәслихатының шешіміне сәйкес бекіген құжат 10 күннен соң қолданысқа енеді. Туристік жарна мөлшері шетелдіктер аялдайтын қонақ үй ақысының 1% тең болмақ. Бұдан бюджетке түскен қаржы жергілікті туризм саласын дамытуға жұмсалады. Жалпы мұндай тәжірибе әлемнің бірқатар елінде бар. Соңғы 2 жылда Маңғыстау жеріне табан тіреген туристердің саны 6% артқан.
Гүлмира Әбішева, қалалық мәслихат депутаты:
-Мұндай практика Грузия, Чехия, біріккен Араб әмірлігі сынды әлемнің бірқатар елінде қолданылып жатыр. Ол елдерде жарнаның мөлшері әртүрлі. Ал Ақтау қаласында әзірге 1% қылып бекітіп отырмыз. Осы өңірге келетін туристердің саны көбейгенін ескерсек, жарнадан түсетін қаржының молаятынына сенімдіміз.