АҚШ-та қазақстандық студент қарақшылық шабуылға тойтарыс берді
АҚШ-та қазақстандық студентке қарақшылық шабуыл жасаған үш күдіктінің бірі ұсталды. Енді ол жоғалған құжаттары мен заттарының табылатынына үміттеніп отыр. Еліміздегі және шеттегі ақпарат құралдарында қазақстандық студенттің батылдығы тез тарады. Еске салсақ, Флорида штатындағы университтеттердің бірінде авиация саласында білім алып жатқан Олжас Қаныбекке 3 қарақшы шабуыл жасаған. Қазақстандық студент бұзақылар күтпеген тойтарыс береді. Араға бір ай жуықтағанда осы оқиғаны саралаған ол, тапаншаға жалаң қол жауап беріп, көзсіз тәуекелге барғанын түсініп отыр.
Қазақстанның АҚШ-тағы консулдық қызметі де мұндай жағдайда аса сақтық таныту керегін айтады. Өйткені Америкада жаппай оқ ату, суық қарумен жасалатын қылмыс жиі болады.
Олжас Қаныбек, студент:
-Ол видео тек қана абай болыңдар, сақ болыңдар қауіпті деген мақсатта таралған болатын негізі. Егер ондай оқиғаға тап болсаңыздар мен сияқты көзсіз батырлыққа барудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Себебі оқиға басқаша бітуі мүмкін.