Хабар телеарнасы

Атырауда мыңнан астам электр бағанасының тең жартысы жарамсыз

Атырау қаласындағы Самал ықшам ауданына 2016-2018 жылдары орнатылған мыңнан астам электр бағанасының тең жартысы жарамсыз болып шықты. 2020 жылы әкімдік қызметкерлері, мердігер мекемені сотқа берген. Нәтижесінде 200 бағана ауыстырылады. Ал одан кейін 300 бағананы ауыстыру бойынша өткен экономикалық сотта әкімдік жеңілген. Десе де жыл соңына дейін ретке келтіреміз деп сендіріп отыр. Бұл бағаналардың кепілдік мерзімі 2 жыл ғана. Сол уақыт ішінде ғана қателік анықталса, мердігер қалыпқа келтіруге міндетті.

Жаңылбай Тәжіғалиев, қала тұрғыны: 
- Мына столба сынса, бала, біреу-міреу астында қала ма, келе жатқан техника сына ма әлде мына үйлерге зақым келеді. Әлде тоққа тартыла ма біреу? Столба сынса. Столбаның қалай жарылып тұрғанын көріңіздер. Иә, шешеміз деді, бірақ әлі ештеңе жоқ. 

Абылай Ғұмаров, қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі: 
- Қазір қалалық ЖКХ тарапынан осы жарылған тек қана Самал ықшам ауданы емес, қала бойынша 1400-ден астам бағана анықталып отыр. Қазіргі таңда бюджет тарапынан ақша сұратылды. Ақша бөлінген соң барлық бағаналар ауыстырылады.