Түркістан облысында құнды жәдігерлер табылды
Түркістан облысы Ордабасы ауданынан екі мың жылдан астам тарихы бар ескі қорым табылды. «Археологтар қаңлы кезеңіне тиесілі адам мүрделері маңында құнды жәдігерлер қоса көмілген», — дейді. Сондай-ақ археологтар қазба жұмыстары кезінде жерлеу рәсімі түрлі сенім-нанымға сүйеніп жүргізілгенін анықтады. Яғни адам мүрдесі арнайы дәліз арқылы жер қойнына тапсырылған. Тарихи маңызға ие жәдігерлерге археологиялық орталықта арнайы зерттеу жүргізіледі. Кейін «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорық музейіне қойылып, көпшілік назарына ұсынылады.
Александр Подушкин, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
-Қаңлы мемлекетінің қоғамдық тіршілікте пайдаланған заттары өте жоғары деңгейде жасалған. Құнды олжаларға қарап меншік иесін де тануға болады. Олар түрлі саланы терең меңгеріп, қолөнер мәдениеті жоғары екенін тағы бір дәлелдеп отыр.