Қарағандыда қос қабатты үйдің қабырғасы құлаудың алдында тұр
Бірақ әкімдік өкілдері оны апатты үй санатына жатқызбайды. Салдарынан 15 отбасы әлгі үйде қысты айтпағанның өзінде, мамыр айында пеш жағып күнелтіп отыр. Жылу тартылмағаны бір бөлек, іргесі 1947 жылы салынған үйдің қабырғасы жарылып, төбесінен құм саулайды екен. Жауаптылар тұрғындарға бірқатар бағдарлама ұсынып, үйді қалыпқа келтіру бойынша да бастама көтерген. Бірақ тараптар пікірі екіге жарылған. Енді әкімдіктегілер үйді тек 2027-ші жылы газ жүйесіне қосу жоспарына енгізе алатындарын айтты.
Мәмбет Шабатаев, қала тұрғыны:
- Мынадан да қорқамыз. Мен пеш жағам да түнде көмір салам ғой. Жанғанын байқап отырасың. Қалай болады? Мүмкін иіс шығады. Иіс тиеді. Бұл баяғы жер үйлер емес. Бір пеш жарылса, он бес отбасы барлығы бірақ құлайды деген сөз ғой.
Алмас Саламқұлов, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Акимат техникалық шарттарды ала отырып, жылытуға қосылуға көмек ұсынды. Және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың қадамдық алгаритімін берді. Бірақ тұрғындар келіспеді. Біздің акиматтың бюджеттік классификацияда қаржылық мүмкіншілік қарастырылмаған.