«QazVaC: Тайталас» кітабы жарыққа шықты
Төтенше жағдай, эпидахуалдық шектеулер, вакцина, жедел жасақталған төсектер, ИВЛ-аппараттары. Мұның бәрі енді өткен күннің еншісінде қалды. Себебі ковид пандемиясы аяқталып, тиісті қаулылардың барлығына қол қойылды. Осы уақытқа дейін, 5,5 млн астам қазақстандық QazVac вакцинасын салдырыпты. Бұл туралы елордада өткен «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» халықаралық форумында белгілі болды. Жиында отандық вакцинаны жасау қашан, қалай басталғаны, бұл жолда ғалымдар қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін баяндайтын кітаптың тұсауы кесілді. «QazVaC: Тайталас» деп аталатын бұл туынды қазақстандық ғалымдардың ерлігіне арналады.
Күнсұлу Закария, ҚР Президентінің жанындағы «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ басқарма президенті:
- Вакцинаны шығаратын, өндіретін алғаш рет Орта Азияда, Қазақстанда биофармацевтикалық зауыт салдық. Бүгінгі күні 6,5 млн доза QazVaC шығарылды. Яғни біздің адамдар сол вакцинаны алып, өздерінің денсаулықтарын сақтаған. Бұл үлкен жұмыстың ішіндегі ең негізгі еңбегі – отандық ғалымдар, Қазақстанның өзіміздің ғалымдарымыз.