Жайық жұрты Алаш қайраткері Тұрсынғали Қатауовты еске алды
Батыс Қазақстан облысының, Қаратөбе ауылында Алаш қайраткері Тұрсынғали Қатауовты еске алу кеші болды.
Жұртшылық алдымен қазақ ағартушыларының рухына құран бағыштады. Кейін Алаш және тарихи-өлкетану музейінде болып, құнды жәдігерлермен танысты. Тұрсынғали Қатауов ұлт зиялыларының идеясы мен шығармаларын жастар арасында кеңірек дәріптеп, талай рет саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Ағарту саласына қосқан үлесі зор. Жаладан ақталып шыққан соң, оған «КСРО оқу-ағарту ісінің озық қызметкері» атағы мен «Құрмет белгісі» берілген. Еске алу шарасында көрнекті қайраткердің ұлы мен зиялы қауым өкілдері оның еңбек жолы жөнінде сыр шертті.
Дәметкен Сүлейменова, алаштанушы:
- Он жылдан астам уақытын қапас түрмеде өткізіп, кейіннен елге келіп, осы елдің білім саласын көтеремін деп қызмет еткен аялаулы ағамыз. Тарихта ештеңені жасыруға немесе өшіруге болмайды. Қаратөбе ауданында өтіп жатқан іс шара қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған үлкен бір ізгілікті іс деп ойлаймын.