Президент Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарьяны қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарьяны қабылдады.
Кездесуде академияның қызметі мен жоспары жөнінде есеп беріліп, саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Мемлекеттің ғылыми-технологиялық және экономикалық саясаты арасындағы өзара байланыстың нығаюына баса мән беру және ғылымды дамытудың жаңа тәсілдерін қолдану жайы сөз болды. Қазір ғылымға ерекше көңіл бөлініп, зерттеу жұмыстарын қаржыландыру тетіктері жетілдірілді. Мемлекет басшысы талантты ғалымдарды ғылыми ортаға тарту жөнінде нақты тапсырмалар берді.