Хабар телеарнасы

Қазақстандық көмірге сұраныс артты

Қазір көмірге сұраныс артқан. Былтыр 117 млн тоннадан астам көмір өндірілсе, оның 33 млн жуық тоннасы экспортқа шығарылған. Отандық сарапшылар Еуропалық Одақтағы елдерге көмір жеткізу бойынша біраз мәселенің әлі де шешілмей жатқанын айтады. Көрші елге салынған шектеулерден кейін кәрі Каспий арқылы байланыс күшейген. Дегенмен логистика жағы үлкен шығын келтіруде дейді. Еліміз бойынша көмір өндірісі 72% электр энергиясымен қамтамасыз етуде. Ал Екібастұзда 3 жаңа энергоблоктың құрылысы басталған. 2028 жылдан бастап Көкшетау мен Семей қалаларында жылу электр орталығы іске қосылмақ. Жалпы біздегі көмір қорының көлемі 34 млрд тоннаны құрайды. Бұл 300 жылға жететін көмір қоры. 

Төлеген Мұқанов, республикалық тау-кен өндірушілер қауымдастығы атқарушы директорының бірінші орынбасары:
- Геосаяси жағдайға байланысты көмірге сұраныс көбейді. Швецария мен Германия дейміз, Еуропалық Одақтың өзі бізден көмір алады. Бағасы өте жоғары. Тариф мәселесі. Біз көмірді жергілікті халыққа арзан бағамен сатамыз. Бірақ жыл сайын қымбаттап барады. Электроэнергия. Дистопер дейміз, екі есе, үш есе қымбаттайды. Ақыры аяғында тарифке әсер етеді.