Халықтың орташа жалақысы 340 мың теңгені құрайды
Халықтың қазіргі орташа жалақысы – 340 мың теңге. Медианалық көрсеткіш болса – 225 мың теңге. Бұл туралы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында айтылды. Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сай елдегі қызметкерлердің 6% жуығы ең төменгі жалақы алады. Ал халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы – айына 154 мың теңгеге жеткен. Бұл 10 жыл ішіндегі 3 есе жоғары номиналды көрсеткіш. Алайда депутаттар бұл статистикаларға күмәнмен қарайды. «Өйткені халықтың жартысының орташа табысы әлі де 63 мың теңгеден төмен болып тұр»,-дейді. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, елдегі кедейлік деңгейі 16% жуықтаған. Сондықтан депутаттар әлеуметтің әлеуетін есептейтін жаңаша және сенімді әдіс қажеттігін айтты.
Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Нан, май, макарон, күріш 80% өсіп кетті. 1 жылда адамдар белсенді демалуға қанша қаражат жұмсайды, моншаға баруға, азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды соны есептеп, жаңа индикатор жасау керек.
Жандос Шаймарданов, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы:
- Біз негізінде әр компанияның есебінен ақпарат алып, жалпы еңбек қоры және компанияда қанша адам жұмыс істейтінін анықтаймыз. Сол бойынша орташа жалақыны есептейміз. Орташа деңгейге қосымша мединананы көрсетеміз.