20 тамызда ауыл шаруашылығы санағы басталады
Ол әзірше пилоттық түрде өткізіледі. Ол үшін 54 елді мекен таңдалыпты. Оның ішінде ауылдарға қоса қалалар да бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Санақ кезінде егіс алқаптары, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстар, жылыжайлар, техника, сондай-ақ ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы есептеледі. Негізі мұндай мәліметтер әр он жыл сайын жаңартылып тұруы тиіс. Бізде аталмыш санақ соңғы рет 2006-2007 жылдары жүргізіліпті. Енді республикалық көлемдегі кезекті науқанды өткізу 2025 жылға жоспарлануда. Пилоттық жоба соған дайындық.
Нұржан Сәрсенбаев, ҚР Ұлттық статистика бюросының департамент директорының орынбасары:
-Ауыл шаруашылығында қызмет ететін заңды тұлғалар, қожалықтар, жеке кәсіпкерлер 26 сұрақтан тұратын сауалнама толтырады. Ал үй шаруашылықтары қысқаша сауалнама ол жақта 22 сұрақ қамтылған.