Маңғыстау облысында тұщы су тапшы
Мұны есеп беру конференциясында облыс әкімі айтты. Тәулігіне 77 мың текше метр ауызсу қажет. Өңірдегі өзекті мәселені шешу үшін 7 жобаны іске асыру жоспарланған. Каспий су тұшыту зауытының қуатын екі есе ұлғайтып, тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізу мақсаты тұр. Ал Ақтауда жеке инвестордың есебінен тәулігіне 20 мың текше метр су тұшыту қондырғысының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін жұмыстың тең жартысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Қазір облыста ауызсуды тұтыну көлемі 162 мың текше метрді құрайды. 2025 жылға дейін су мәселесі толық шешіледі.
Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:
- МАЭК мекемесіне және Каспий су тұшыту зауытының қажет суды құйылыс жер асты тұщы су кен орнынан алып келуге құбырдың жалпы ұзындығы 47 км болады. Екінші су таситын құбырдың құрылысының жалпы құны 19,5 млрд теңге. Бұл да Мемлекет басшысының тікелей араласуымен бөлінген қаражаттың арқасында биыл бастаймыз.