Alstom компаниясы Қазақстанға 100 млн еуро инвестиция құюды көздейді
Alstom компаниясы Қазақстанға 100 млн еуроға дейін инвестиция құюды жоспарлап отыр. Франциялық кәсіпкерлер елде қызмет көрсету орталықтарын ашпақ. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов компанияның Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша президенті Эндрю Де-Леоне-мен кездесіп, ортақ мәселелерді талқылады. Жалпы бұл кәсіпорын электровоздар мен оған құрамдас бөлшектер өндіреді. Компания басшылығының сөзінше, Қазақстанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Сондықтан кәсіп аясын одан әрі кеңейте бермек.