Президент Астана қаласы әкімінің баяндамасын тыңдады
Елорданы сумен қамтамасыз етіп, басқа да жүйелерде дағдарыс болмау үшін Астананың әкімі қысқа мерзімде жүйелі және жедел шаралар қабылдауға тиіс. Мұны Мемлекет басшысы міндеттеді. Президент Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай Президент Әкімшілігінің бақылауында болады.