Тазы қазақы ит тұқымы ретінде әлемде мойындалады
Тазы тұқымы көбейіп, қазақы ит ретінде әлемге мойындалмақ. «Қазақстан кинологтар одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бельгияның Тюэн қаласына барып, Халықаралық кинология федерациясына кіру үшін ресми өтініш жасаған. Енді бұл мәселе 21-22 тамызда Женева қаласында өтетін федерацияның бас ассамблеясында шешілмек. Халықаралық сарапшылардың қойған талаптары – қаны бұзылмаған, басқа иттермен будандаспаған, тұқымы үздіксіз үш төлге ұласқан болуы шарт.
Бауыржан Серікқали, «Қазақстан кинологтар одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті:
- Халықаралық федерацияның тәртібі бойынша ұйымға мүшелікке өтудің 3 деңгейі бар. Бірінші деңгей – келісімшарт бойынша. Екінші деңгейі – қауымдастық түрінде. Үшінші деңгей – толық мүше. Бүгінгі күнде Қазақстан қауымдастыққа мүше ретінде болып тұр. Яғни екінші деңгейдеміз.