Хабар телеарнасы

Семейдегі өрт ошақтарының басым бөлігі оқшауланды

Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов жағдайдың біртіндеп тұрақтанып келе жатқанын растады. Айтуынша, өрттің үш аумағы болған. Соның екеуінде жалынның беті қайтты. Батыс шетінде Каштак орманшылығында өрттің дамуы белсенді жалғасуда. Ал Камышен орманшылығындағы өрт оқшауланды.

Нұрболат Дербісов, ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы:
-Орман шаруашылығында болып жатқан өрт жалпы тұрақталды. Кешегі күнге қарағанда мынау ыстық нүктелердің азайғандығы және мына өрт боп жатқан аймақтардың азайғаны анықталды. Жалпы өрттің қазіргі аумағы 60 мың гектардан асады. Қазіргі жан-жақтан келіп жатқан, басқа облыстардан келіп жатқан күштік құрылымдардың бәрі өз нәтижесін беріп жатыр. Осы жақын арада өртті ауыздықтап, барлығын орнына келтіреміз деп ойлаймын.