Әлеуметтік желідегі буллинг заңмен бақыланбақ
«Онлайн-платформалар және онлайн жарнама туралы» заң жобасы Сенатқа жолданды. Мәжілісмендер бұл азаматтарды әлеуметтік желідегі буллингтен, қаржы пирамидаларынан, сператаизм мен экстремизмнен қорғауға бағытталған шара екенін атап өтті. Еске салайық, аталмыш заң жобасын Мәжіліс 7 маусымда бірінші оқылымда мақұлдаған еді. Оған сәйкес, заңға «блогер» мен «инфлюенсер» ұғымдары енгізіліп, жауапкершілік қарастырылды. Қасақана емес, жалған ақпар таратып, көп зиян тигізбеген жағдайда блогерлер 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 69 мың теңге айыппұл төлейді. Ал жағдай қайталанса, бұл сомма екі еселенеді.
Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Ең негізгі мәселе осы әлеуметтік желі, яғни техногиганттар мен Қазақстанның қолданушыларының арасындағы қарым-қатынасты түзеп, қазақстандық қолданушылардың құқығын қорғау керек. Жарнама мәселесі бар, саяси экстримизм мәселесі де бар. Сондықтан осындай күрделі геосаяси жағдайда әлеуметтік желіні еліміздің құқықтық аясына алып келу...