Хабар телеарнасы

Алматыда үш науқастан АИТВ инфекциясы анықталды

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында үш науқастан адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы анықталды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Анықталған фактілер негізінде комиссия құрылып, инфекцияның берілу көздерін анықтау бойынша ішкі тергеу жүргізілген. Тексеруден өткен донорлар, медицина қызметкерлері және байланысқан адамдардың сараптамалары теріс нәтиже көрсеткен. Ережеге сәйкес Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы комиссия қорытындысын Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берді. Департамент  Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының мамандарын тарта отырып орталық ауруханада жоспардан тыс тексеруді бастап кетті. Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдайтын болады.