Елімізде әйелдердің қоғамдағы белсенділігі артпақ
Астанада Орталық Азия елдерінің арулары бас қосып, әйелдер арасындағы гендерлік теңдік пен цифрландыру мәселесін талқылады. Ауыл-аймақтағы қыз-келіншектердің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға, кибербуллинг пен зорлық-зомбылықты қалай азайтамыз деген тақырып күн тәртібіне шығарылды. БҰҰ-ның мәлімдеуінше, Орталық Азиядағы қыз балалар жаратылыстану, технология, инженерия және математика саласына аз барады, көрсеткіш төмен. Елімізде осы саладағы қыз-келіншектердің үлесін арттыру жоспарлануда. Әсіресе лауазымды қызметке тағайындалатын әйелдер көбеймек. Мамандар форумнан ауқымды өзгерістер күтеді.
Айгүл Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мына жерге қатысатын адамдар, негізі адамдар депутаттар. Біз мұның бәрін талқылап, одан кейін елдегі заңнамамызға енгізуге тырысамыз. Мысалы, қазір ғана цифровая карта Семей дедік ғой. Мысалы, әлеуметтік кодексті қабылдағанымызда, соны кіргіздік. Одан кейін зорлық-зомбылық, климат туралы мәселелерді мүмкіндігінше біздің заңнамамызға кіргізуге тырысамыз.