«Масс-медиа» туралы заң: депутаттар құжаттың шикі тұстарына тоқталды
Журналистер заң бойынша мемлекеттік бағдарламамен баспана ала алмайды және оны өзгерту мүмкін емес. Себебі бұл тұрғын үй туралы заңнамаға қайшы. Мәжіліс қабырғасында депутат Елнұр Бейсенбаев осындай мәлімдеме жасады. Айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қолдауды тек жауапты министрлік банктермен және құрылыс компанияларымен тікелей келісу арқылы жүзеге асыра алады. «Масс-медиа туралы» жаңа заңды талқылаған депутаттар құжаттың шикі тұстарына тоқталды. Бірі мемлекеттік органдардан өтінімге жауап алудың әлі де ұзақ екенін айтса, енді бірі пресс-картаның қажеттілігі шамалы дегенді алға тартады. Ал Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары болса, мұның барлығы БАҚ өкілдерінің құқығын қорғап, жұмысын жеңілдету үшін жасалып отырғанын жеткізді. Дегенмен аталған пікірлер жұмыс тобының назарына ұсынылады.
Қанат Ысқақов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
- Баспасөз картасы ешқандай журналистердің ақпарат алуына, ақпарат таратуына еш кедергі жасамайды. Керісінше баспасөз картасы журналистің жұмысын жақсартуға, оңтайландыруға бағытталған құжат. Баспасөз картасын алмаған журналист өз қызметін атқара береді.