Ұлытау облысында ғасырлық тарихы бар тапанша табылды
Жаңаарқалық азамат оны үйінің ауласында жертөле қазып жатып тауып алған. Ұзақ жылдар топырақ астында жатқан тапаншаны әбден тот басқан. Сыртын ораған газет қиындылары да шіріп кеткен. Дегенмен криминалистер жүргізген зерттеу барысында қарудың НАМБУ тапаншасы екені анықталды. Аталған қару 1945 жылға дейін шығарылған. Жапон императорлық армиясының негізгі жеке қаруы болған. 1937 жылы Жапон-Қытай соғысында қолданылған.
Ерсін Тәжмағанбетов, Жаңаарқа ауданының тұрғыны:
-Бұрын бұл үйдің орнында ескі үй болған. Бізден бұрын. 2015 жылы бұзып, қайта үй салдық. Сол ескі үйдің орнынан салайын деп жатқан ас үйдің жертөлесін қазып жатып 1 метр жерден таптым.
Бауыржан Қалыбеков, облыстық Полиция Департаменті басқармасының бастығы:
-Қазір жәдігер баллистикалық зерттеуде. Баллистикалық зерттеуден кейін бұның сыртқы келбетін қалпына келтіреміз. Яғни, коррозия болған заттарын бәрін тазалап, кейіннен тарихи жәдігер болғандықтан облыстық музейге тапсыруға рұқсат аламыз.